Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Облыстық Абай оқуларында ІІІ орын!
19
май
2022
Облыстық Абай оқуларында ІІІ орын!
Алматы облыстық "Абай оқулары" байқауында "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша мектебіміздің 10б сынып оқушысы Оралбекұлы Оралжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы. Құттықтаймыз!!!
"Бақ жұлдызды - Бақтыбай!"
19
май
2022
"Бақ жұлдызды - Бақтыбай!"
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 19 мамыр күні «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы тұжырымдамасы негізінде оқушыларды туған жердің тарихын, мәдениетін танып-білуге үйрету және өз өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, бабалар рухына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 6 сынып оқушыларына ақын Бақтыбай Жолбарысұлы кесенесіне танымдық саяхат ұйымдастырылды. Аталмыш шарада ақынның рухына тағзым етіліп, ақынның өлеңдері жатқа айтылды, мектебіміздің жас ақындары
Матчтық кездесу өткізілді.
18
май
2022
Матчтық кездесу өткізілді.
"Балалар жылы" аясында 18.05.2022 күні спортшы-ұстаз Әділғазы Өкенұлы рухының құрметіне баскетболдан №18 орта мектеп-лицейі мен №2 орта мектептің командалары арасында матчтық кездесу өткізілді. Үздік ойыншылар мен командалар грамоталармен және торттармен марапатталды. Әділғазы Өкенұлы ұстаздық еңбек жолын осы тұңғыш қазақ мектебі, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде бастап, үзіліссіз 27 жыл еңбек етті. Өз мамандығына аса берілген, жауапкершілігі зор атпалдай азаматымыз дене
«Отбасы – ұлттың тірегі» - жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
18
май
2022
«Отбасы – ұлттың тірегі» - жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
"Қауіпсіз жаз" акциясы аясында 2022 жылдың 17 мамыр күні мектепте «Отбасы – ұлттың тірегі» ұранымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталмыш жиналыста келесі мәселелер қаралды: 1. «Бала қауіпсіздігі – басты назарда»; 2.«Мектеп формасы -оқушы көркі» және 3. «Мектептің ата-аналар комитеті». Шара барысында каникул кезінде шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі туралы, кішкене балаларды қараусыз қалуының алдын алу туралы, жасөспірімдер
Дарынды оқушыларға қолдау көрсетілді
17
май
2022
Дарынды оқушыларға қолдау көрсетілді
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 16 мамыр күні 2021-2022 оқу жылы түрлі деңгейдегі білім сайыстарында жүлделі орын алған білім алушылар мектеп директорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН және сыйлықтармен марапатталды. Максаты: Дарынды оқушыларға қолдау көрсету, ынталандыру, оларды басқаларға үлгі ете отырып, мектеп-лицейдің олимпиадалық резервін қалыптастыру. Алғыс хатпен жыл бойы келесі бағыттар бойынша жетістікке жеткен оқушылар марапатталды: 1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық, облыстық
«Мамандықты өз жүрек қалауымен таңдау дұрыс деп есептейді»
16
май
2022
«Мамандықты өз жүрек қалауымен таңдау дұрыс деп есептейді»
"Балалар жылы" аясында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Алаш» пікірсайыс клубының жоспарына сай 9-сыныптар арасында АПФ форматында мектепішілік дебат пікірсайыс ойыны өтті. Білім алушыларға дұрыс кәсіптік бағдар беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген бұл дебаттық ойындарда «БП мамандықты өз жүрек қалауымен таңдау дұрыс деп есептейді», «БП жас қылмыскерлерді ересектер сияқты жазалау керек деп есептейді» деген қарарлар талқыланды. 9-сынып оқушылары
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2022» байқауында ІІ орын!!!
16
май
2022
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2022» байқауында ІІ орын!!!
Талдықорған қаласы білім мекемелері арасында 13.05.2022 күні «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2022» байқауы өткізілді. Аталмыш байқауда мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ақбаева Сания Айтбайқызы жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!
"ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2022" байқауында І орын!!!
16
май
2022
"ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2022" байқауында І орын!!!
2022 жылдың12 мамыр күні қаламыздағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп базасында қалалық "Үздік сынып жетекшісі - 2022" байқауы өтті. Аталмыш байқауда мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 6 сыныптың жетекшісі Нүсіпханова Анель Мұратханқызы І орынды жеңіп алып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын! Сынып жетекші байқауына арнайы құрылған шығармашылық топқа алғысымызды білдіреміз. Жеңістен жеңіске жете берейік!
«Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауында ІІ орын!!!
16
май
2022
«Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауында ІІ орын!!!
2022 жылдың 25- сәуір күні Талдықорған Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауы өткізілді. Қаламыздың 26 мектебінің ең шығармашыл, ең креативті мұғалімдері қатысқан шығармашылық пен біліктілік, талант пен тәжірибе, эрудиция мен шешендік додасында мектеп- лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Есемқұл Аяна Маратқызы жүлделі II орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир өткізілді
16
май
2022
Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир
2022 жылдың 14 мамыр күні Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әріптесіміз Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир өткізілді. Аталмыш додаға 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде І орынға №15 мектептің командасы, ІІ орынға №11 мектептің командасы және ІІІ орынға №19 мектеп пен №8 мектеп командалары ие болды. Барлық финалға шыққан командалар Кубокпен, грамоталармен және