Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблі шеберлігі
10
апрель
2023
“Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблі шеберлігі
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы 18 орта мектеп-лицейінде “Көнекөз шеберлердің ізін жалғап, ұлттық өнерімізді үйрену - бүгінгі ұрпақтың басты парызы” атты эстетика пәндері апталығының аясында өткен “Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблі қазақтың ұлттық аспаптарының шығу тарихымен таныстырып, өнер көрсетті. Кәсіби шеберлік сағаттына жиналған мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, зал толы отырған оқушылар ансамбль мүшелеріне алғыстарын білдіріп,өте әсерлі есте қалатындай өткенін айтты.
"Жігіт сұлтаны-2023"
10
апрель
2023
"Жігіт сұлтаны-2023"
Мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2023 жылдың 3-10 сәуір күндері аралығында өткен эстетика және музыка пәні бірлестігі апталығы аясында 6 сәуір күні "Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді. Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Қатысушылар байқаудың 5 кезеңі бойынша бақтарын сынады: 1-Таныстыру, 2-Өз өнерін көрсету, 3-Гір тасын көтеру, 4-Қолөнер бұйымдары
"Экологиялық қиял-2023” атты дефиле байқауы
08
апрель
2023
"Экологиялық қиял-2023” атты дефиле байқауы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде 07.04.2023 күні эстетика пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында "Экологиялық қиял-2023” атты дефиле байқауы өткізілді. Аталмыш шара өте тартысты өтіп, көздің жауын алатындай қиял-ғажайып сән үлгілеріне толы болды. 5в сыныбы Алтын Адам, Томирис және Самрұқ құсы бейнесінде оза шығып, Бас жүлдені жеңіп алды. Шараға қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Байқаудың негізгі идеясы оқушыларға өзіндік модельдеу, дайындау
Кезекті бірлескен рейд.
08
апрель
2023
Кезекті бірлескен рейд.
2023 жылдың 07 - 08 сәуірінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, "Редан" балалар сектасының жағымсыз әсерінің алдын алу мақсатында облыстық білім басқармасы, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы барлық аудан, қалада «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шарасы өткізілді. Алғашқыда рейдтік шара қала бойынша "сәтсіз отбасы" есебінде тұрған
«Спорт – денсаулық кепілі» атты баскетболдан жарыс!
07
апрель
2023
«Спорт – денсаулық кепілі» атты баскетболдан жарыс!
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты 8 сыныптар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орынға 8ә сыныбы, ІІ орынға 8в сыныбы және ІІІ орынға 8а сыныбы командасы ие болды. Осы жарыста Айдархан Ақылжан, Сәрсембай Аслан және Абикенов Мақсат үздік ойын көрсеткені үшін марапатталды. Құттықтаймыз! Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын
Қалалық "Әбіш оқуларында" жеңімпаз болдық!
07
апрель
2023
Қалалық "Әбіш оқуларында" жеңімпаз болдық!
Қалалық "Әбіш оқуларына" қатысқан үш оқушымыз да жүлделі орындардан көрінді. Олар: 10а сынып оқушысы Русланқызы Азиза "Поэзия" бағыты бойынша І орын, жетекшісі А.Ж.Болысбекова; 8а сынып оқушысы Серікжанова Айсұлу "Иллюстрация" бағыты бойынша І орын, жетекшсі Б.Т.Омаралин; 10а сынып оқушысы Тохан Бақерке Алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі А.М.Базарбекова. Құттықтаймыз!  
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
06
апрель
2023
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
2023 жылдың 6 сәуір күні мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушыларына қаламыздағы Жетісу облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.
Облыстық «ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» турнирінде ІІ орын!
06
апрель
2023
Облыстық «ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» турнирінде ІІ орын!
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» республикалық турнирінің облыстық кезеңінде 8 сынып оқушылары Таңатаров Еркебұлан мен Ерланұлы Әбдікәрім жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, 200 мың теңге сертификатына ие болды. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дүзгенбаева мен Ә.Қалиева. Құттықтаймыз!  
"Қыш өнері” және “Киіз басу”
05
апрель
2023
"Қыш өнері” және “Киіз басу”
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Кәсіптік бағдар беру" жұмысы негізінде 04.04.2023 күні эстетика пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен "Қыш өнері” және “Киіз басу” атты шеберлік сағаты өткізілді. Шебер сынып көрсеткен Нұрке Майра Сыздыққызы - Алматы технологиялық университеті Дизайн кафедрасының аға оқытушысы, магистр, ҚРСО мүшесі, “Мәдениет қайраткері” төс белгісінің иегері және Тілеш Рымжанұлы Назарбеков - Талдықорған қаласы №28 мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі,