Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қауіпсіз қала" түнгі рейд
24
ноябрь
2023
"Қауіпсіз қала" түнгі рейд
«Құқықтық тәртіп» акциясы аясында ағымдағы жылдың қараша айының 22-23 күні Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жетісу облыстық филиалының қызметкерлерімен, «Жетісу жастары» КММ-ның Талдықорған жастары филиалының өкілдерімен, Талдықорған қаласының білім бөлімінің және Талдықорған қаласының орта мектептерінің өкілдерімен бірлесе, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты
"Қатыгездік озбырлығы"
23
ноябрь
2023
"Қатыгездік озбырлығы"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, "Құқықтық тәртіп" айлығы аясында 22.11.2023 күні ДТЖ орынбасары Қ.Қуанышбаев пен мектеп психологы Дана Қайратқызы 5-7 сынып оқушыларымен "Қатыгездік озбырлығы" тақырыбында ашық алаң форматында кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, буллинг және қауіпті сайттар туралы жиын өткізді. https://www.instagram.com/p/Cz-L3enpRCR/?hl=ru
Тоғызқұмалақтан ІІІ орын!
22
ноябрь
2023
Тоғызқұмалақтан ІІІ орын!
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында Тоғызқұмалақтан мектепаралық өткен жарыста мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды. Олар: Думаннұр Баура - 9ә, Күмісбек Әли - 10а, Данабай Айжан - 10а және Арапова Ажар - 11а сыныбы. Жетекшісі А.Б.Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!
Нұрай қызымыз І орынға ие болды!
21
ноябрь
2023
Нұрай қызымыз І орынға ие болды!
5г сынып оқушысы Нұрқасым Нұрай Халықаралық "Жұлдыз Арт Қазақстан" байқауында Вокал бойынша І орынға ие болып, шет мемлекеттерде өтетін байқауларға жолдама алды. Құттықтаймыз!  
«Мемлекеттік Рәміздер - Ұлт мақтанышы, Тәуелсіздік нышаны»
20
ноябрь
2023
«Мемлекеттік Рәміздер - Ұлт мақтанышы, Тәуелсіздік нышаны»
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 2023 жылдың 13 - 17 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану мақсатында «Мемлекеттік Рәміздер - Ұлт мақтанышы, Тәуелсіздік нышаны» атты апталық өткізілді. Апталықтың жоспары жасалынып, бекітілді. Апталық барысында 1-4 сыныптарда осы тақырыпта сынып сағаттары, 5-6 сыныптарда «Ұлттық теңге - Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» тақырыбында танымдық сағаттары, 7-8 сыныптарда "Мемлекеттік Рәміздер - ел мәртебесі"
"Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті"
18
ноябрь
2023
"Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті"
Қазакстан Республикасының Ұлттық ұланы "Жас бүркіт" әскери патриоттық қозғалысының 20 жылдық мерекесіне орай Б.Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп-лицейінің 11Б "Жас полиция" кадет сыныбы және "Жас сарбаз" 10,9,8 сынып оқушыларымен 5514 әскери бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Е.С. Джаманбаев және ТжӘҚЖ бөлімше бастығының жастарымен жұмыс жөніндегі көмекшісі 3 сынып сержанты Б.М. Мамажановтың қатысуымен "Ерлік сабағы" өткізілді. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert
"Әке - асқар тау" әкелер байқауында номинация!
17
ноябрь
2023
"Әке - асқар тау" әкелер байқауында номинация!
"Dastur-Life" жобасы аясында өткен облыстық "Әке - асқар тау" әкелер байқауында мектебіміздің ата-анасы, 6ә сынып оқушысы Мұхамеджан Аяулымның әкесі Нұрбаев Руслан Мұхамеджанұлы ынталандыру номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!  
Кадет оқушылары І орынға ие болды!
16
ноябрь
2023
Кадет оқушылары І орынға ие болды!
Мектебімізідің 10б кадет сыныбы оқушылары 5514 Ұлттық ұлан әскери бөлімінде Ашық есік күні аясында өткен әскери-спорттық жарыста І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
“Қазақстан жарық жұлдыздары”
15
ноябрь
2023
“Қазақстан жарық жұлдыздары”
Мектебіміздің 5в сынып оқушысы Дүйсен Сезім Республикалық дарынды оқушыларға арналған “Қазақстан жарық жұлдыздары” балалар топтамасына қабілеттілігімен, дарындылығымен, алғырлығымен ерекшеленіп, ең үздік оқушылар қатарына енгені үшін сертификатпен марапатталып, кітапқа жарияланды. Құттықтаймыз!  
"Әкеге ізет - анаға құрмет"
13
ноябрь
2023
"Әкеге ізет - анаға құрмет"
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша мектебімізде 1-4 сыныптарда "Әкеге ізет - анаға құрмет" сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты :оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіре отырып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. ​https://www.instagram.com/p/Czl5wIBtWIy/?hl=ru​​​