Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Құқықтық тәртіп"
05
декабрь
2023
"Құқықтық тәртіп"
"Құқықтық тәртіп" республикалық акциясы аясында 5 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Дана Тұрсынова түсіндірме жүмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандарға оқу орындарындағы мінез-құлық ережелері, кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу мен бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірілді.
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді
04
декабрь
2023
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы аясында мектебімізде «ЖИТС – ғасыр дерті», «Зиянды әдеттен аулақ болайық», «Темекі мен насыбай денсаулық дұшпаны», «Дұрыс қалыптасқан дене келбеті -денсаулық кепілі», «Қауіпсіз балалық шақ», «Жұқпалы аурулардан сақтанайық» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert
«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауынан Алғыс хат!
01
декабрь
2023
«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауынан Алғыс хат!
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары Ринатқызы Фатима мен Тәкен Санат «Оқитын ұлт» жобасы аясында өткен «Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауына қытысып, Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшісі кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаева. Құттықтаймыз!  
"Буккроссинг"
30
ноябрь
2023
"Буккроссинг"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы: "Буккроссинг" науқаны аясында мектебіміздің 4а сынып оқушыларына ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Джумакеев Алмаз Жеңісұлы қазақстандық жазушы Римма Филиппованың балаларға арналған кітаптарын сыйға тартты. Сәлемдемені жеткізген 18404 әскери бөлімі. ​https://vk.com/club89659902?w=wall-89659902_4280​​​
"Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2023
"Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды
Қалалық "Педагогикалық дебют-2023" байқауында мектебіміздің жас маманы, тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан Дастанұлы "Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Жолда абай болайық!"
28
ноябрь
2023
"Жолда абай болайық!"
"Қауіпсіз балалық шақ!" - мектебімізде кадет сыныбы оқушыларынан құралған "Жас қозғалыс инспекторы" тобының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарда "Жолда абай болайық!" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.  
"Оян, ар мен адалдық"
27
ноябрь
2023
"Оян, ар мен адалдық"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 24.11.2023 күні 8ғ сыныбымен "Оян, ар мен адалдық" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Аталмыш шара қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны, әлемнің бірнеше мәрте чемпионы Қажымұқан Мұнайтпасұлының өмірі мен еңбек жолына арналды. Шара барысында слайд-видео арқылы Қажымұқанның спортта қалдырған өшпес ізі, Отан алдындағы адалдығы мен отаншылдығы, қуанышы мен қайғы-қасіреті туралы, сондай-ақ атамыздың тікелей ұрпағы, немерелері каратэ-до жекпе-жегінен 5
"Ата-ананың балаға қол көтергені дұрыс па?" атты дебаттық ойын
25
ноябрь
2023
"Ата-ананың балаға қол көтергені дұрыс па?" атты дебаттық ойын
22.11.2023 күні "Құқықтық тәртіп" айлығы аясында "Алаш" дебат клубының ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында "Ата-ананың балаға қол көтергені дұрыс па?" атты дебаттық ойын өткізілді. Нәтижесінде І орынға "Ғаламат-8ғ" тобы, ІІ орынға "Болашақ-8б", "Жалын-8в", "Үміт-8ғ" және ІІІ орынға "Бірлік-8б" мен "Мәңгілік-8ә" топтары ие болды. Құттықтаймыз! https://www.instagram.com/p/Cz-18VJpFLn/?hl=ru
"Балауса" қыздар ұйымының кезекті іс-шарасы
24
ноябрь
2023
"Балауса" қыздар ұйымының кезекті іс-шарасы
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, "Балауса" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен жоғары сынып қыздарымен "Жыныстық тиіспеушілік", "Ерте жастағы жүктілік", "Қатыгездік озбырлығы", "Жеке бас гигиенасы" тақырыптарында ақыл-кеңес сағаты өткізілді. Атамыш шараны өткізгендер мектеп медбикесі А.Қайыпбайқызы, мектеп психологы А.Бекзада және мектеп инспекторы Д.Тұрсынова. ​https://www.instagram.com/p/C0BfotSpu6z/?hl=ru​​​