Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"MI-BATTLE" зияткерлік ойынында ІІІ орын
21
декабрь
2023
"MI-BATTLE" зияткерлік ойынында ІІІ орын
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған "MI-BATTLE" зияткерлік ойынында ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Болысбекова. Құттықтаймыз!
"Менің шежірем" атты облыстық байқауында Бас жүлде!
20
декабрь
2023
"Менің шежірем" атты облыстық байқауында Бас жүлде!
Мектебіміздің 9б сынып оқушысы Нұрқасым Мубина "Менің шежірем" атты облыстық байқауында Бас жүлдені жеңіп алып, 150 000 теңге сертификатына ие болды. Жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерім Жадрашова және көрнекілік құралмен көмектескен Бауыржан Төкенұлы Омаралин. Құттықтаймыз!  
"Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда ІІІ орын!
19
декабрь
2023
"Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда ІІІ орын!
Қалалық "Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшілік еткендер АӘТД пәнінің оқытушылары Б.Байжұманов пен Ж.Жақабай. Құттықтаймыз!  
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты танымдық-ағартушылық онкүндігі
18
декабрь
2023
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты танымдық-ағартушылық
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2023 жылдың 05 – 15 желтоқсан күндері аралығында «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты танымдық-ағартушылық онкүндігі өткізілді.        1-2 сыныптарда «Мен өз елімнің ұланымын» атты тәрбие сағаттары тәрбие сағаттары, 3-4 сыныптарда «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық сағаттары өткізілді.         5-8 сыныптарда «Ұлттық рух – Тәуелсіздік тірегі» - зияткерлік ойындар өткізілді.          9-10 сыныптармен «Тәуелсіздік: мәңгілік
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" :  "АҚЫЛ АЙТПА, ЖОЛ КӨРСЕТ"
08
декабрь
2023
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" : "АҚЫЛ АЙТПА, ЖОЛ
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ" аясында және "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жоспарына сәйкес ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту мақсатында 5-9 сынып ата-аналарына "АҚЫЛ АЙТПА, ЖОЛ КӨРСЕТ" тақырыбында дәріс сағаты өткізілді. Дәріс сағатын жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Жадрашова және тренинг жүргізген психолог Д.Қ.Көкежанова. ​https://www.instagram.com/p/C0l7PZYJ2Nf/?hl=ru​​​ Сабақтың міндеттері: 1. Бейімделу кезеңінде
"Жеңісім саған арналады - Тәуелсіздік" атты эстафеталық ойындар
08
декабрь
2023
"Жеңісім саған арналады - Тәуелсіздік" атты эстафеталық ойындар
"Дене тәрбиесі - салауатты өмір салтының негізі" атты дене шынықтыру апталығы аясында, ҚР Тәуелсіздігі күніне орай 3 сыныптар арасында "Жеңісім саған арналады - Тәуелсіздік!" атты эстафеталық ойындар өткізілді. Нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп грамотасымен марапатталды. І орынға 3ә сыныбы, ІІ орынға 3б сыныбы және ІІІ орынға 3г сыныбыие болды. Құттықтаймыз!
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы": "Білімдіге дүние жарық"
07
декабрь
2023
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы": "Білімдіге дүние жарық"
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен "Білімдіге дүние жарық". Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу" атты 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына курс өткізілді. Курсты жүргізген бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Рысжамал Абдрахманқызы Туғанбаева және психологилық тренинг жүргізген мектеп психологы А.Бекзада. МАЗМҰНЫ: 1.Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызыды 2.Баланың танымдық
Футзалдан және волейболдан жарыс өткізілді.
07
декабрь
2023
Футзалдан және волейболдан жарыс өткізілді.
""Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы аясында 06.12.2023 күні 8-9 сыныптар арасында ФУТЗАЛДАН жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9а сыныбы, ІІ орынға 8б сыныбы және ІІІ орынға 9ә сыныбы ие болды.  Ал 04.12.2023 күні 9-11 сынып ұлдары арасында ВОЛЕЙБОЛДАН жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орынға 10ә сыныбы, ІІ орынға 9а сыныбы және ІІІ орынға 9ә сыныбы ие болды. https://www.instagram.com/p/C0b7G0WoThu/?hl=ru&img_index=1
"Креативті ойлау" тақырыбында тренинг
06
декабрь
2023
"Креативті ойлау" тақырыбында тренинг
"Әдеп-құқық" менторлық жобасы аясында мектебіміздің менторы Бахтияр Қуанышбаев 8ғ сыныбы оқушыларымен "Креативті ойлау" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: жеке шығармашылық әлеуетті, креативті ойлауды дамыту және кәсіби міндеттерді шешуге стандартты емес, шығармашылық көзқарас қалыптастыру. ​https://www.instagram.com/p/C0eX93tpKfp/?hl=ru​​​  
"Ата-ананың мектеп асханасындағы 5 күні"
05
декабрь
2023
"Ата-ананың мектеп асханасындағы 5 күні"
Осы аптада білім алушылардың тамақтануы бойынша "Ата-ананың мектеп асханасындағы 5 күні" ұранымен ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылып жатыр. Ата-аналар білім алушылардың тамақтануын, ас мәзірі бойынша жасалған тағамдардың талапқа сай келуін қадағалау үстінде. Шараның негізгі мақсаты: Тамақтың сапасы бойынша ата-аналардың пікірлерін білу. Келем десеңіздер есігіміз ашық!