Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Cinema - ғажайып әлем»
16
июль
2024
«Cinema - ғажайып әлем»
"Қарлығаш" жазғы алаң балалары «Cinema - ғажайып әлем» айдарымен кинотеатрға барып, «Гадкий Я-4» анимациялық фильмін тамашалап қайтты. #жазғыалаң2024 #бақыттыбалалықшақ 
"Талды қала Талдықорған!"
15
июль
2024
"Талды қала Талдықорған!"
«Қарлығаш» жазғы алаңының төртінші маусымының бірінші күні 15.07.2024 ж. алғашқыда "Жазғы алаң шуақты" атты флеш-моб ұйымдастырылды, содан соң балаларға жазғы алаң кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Әрмен қарай "Талды қала Талдықорған!" ұранымен орталық саябаққа саяхат ұйымдастырлып, қызықты ойындар ойнап қайтты.
«TARTYL FEST» жарысында жеңімпаз атандық!
15
июль
2024
«TARTYL FEST» жарысында жеңімпаз атандық!
Талды қаламызда «Aula fit» жобасы аясында белтемірде тартылудан «TARTYL FEST» жарысы өтті. Тартысқа толы жарысқа 50 ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары үздік нәтиже көрсетті. I орынға Меделхан Бекарыс және III орынға Меделхан Бағжан ие болды. Құттықтаймыз!
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел”
13
июль
2024
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел”
"Жазғы алаң-2024" аясында Жетісу облысы білім басқармасының "Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен “Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел” тақырыбындағы өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен өткен зияткерлік ойынында мектебіміздің 9”ғ” сынып оқушысы Сейдулла Айару үздіктер қатарынан көрініп, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілік еткен Бейсенбай Гүлдана мен сынып жетекшісі Қ.Ж.Қуанышбаев Алғыс хаттарға ие болды.
«Жаз қызығы шомылу!»
12
июль
2024
«Жаз қызығы шомылу!»
«Қарлығаш» жазғы алаңының үшінші маусымының тоғызыншы күні 12.07.2024 ж. ертеңгілік таңғы бой жазу жаттығуымен басталды, әрмен қарай 7 сынып оқушылары қала шетінде орналасқан Қаратал пляжына барып суға шомылып, табиғат аясында қызықты ойындар ойнаса, 2 сынып оқушылары қаламызда орналасқан “Family park” бассейініне барды.  
Спорт денсаулық кепілі
11
июль
2024
Спорт денсаулық кепілі
«Қарлығаш» жазғы алаңының үшінші маусымының сегізінші күні 11.07.2024 ж. ертеңгілік таңғы бой жазу жаттығуымен басталып жазғы алаң балалары арасында “Спорт достықтың кепілі” атты көңілді-эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, командалық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. ​https://www.instagram.com/p/C9Rk8bwiPR3/​​​
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне саяхат
10
июль
2024
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне саяхат
«Қарлығаш» жазғы алаңының үшінші маусымының жетінші күні 10.07.2024 ж. ертеңгілік таңғы бой жазу жаттығуымен басталды, әрмен қарай 7 сынып оқушылары Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасаса, 2 сынып оқушылары қаламыздағы балаларға арналған «Big smile» ойын-сауық орталығына барып көңілдерін көтеріп қайтты.  
“Көңілді серуен”
09
июль
2024
“Көңілді серуен”
«Қарлығаш» жазғы алаңының үшінші маусымының алтыншы күні 09.07.2024 ж. ертеңгілік таңғы бой жазу жаттығуымен басталды, әрмен қарай “Көңілді серуен” ұранымен табиғатқа саяхат шығып, қызықты ойындар ойнады. ​https://www.instagram.com/p/C9MVTnrCNss/​​​
Қырғызстаннан Бас жүлде!
08
июль
2024
Қырғызстаннан Бас жүлде!
Мектебіміздің 11а сынып оқушысы Бейсенбек Мерей Қырғызстан Республикасы Ыстық-көлде өткен халықаралық "Жұлдыз-Арт" байқауында Вокал номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!
Азия Кубогында жүлделі ІІІ орынға ие болдық!
06
июль
2024
Азия Кубогында жүлделі ІІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің 11 сынып түлегі Кемелханқызы Нұршат дзюдо күресінен Алматы қаласында өткен Азия Кубогында жүлделі ІІІ орынға ие болып, осы аталмыш жарыстың екінші мәрте жүлдегері атанды. Нұршатқа білім гранты иегері атануына тілектеспіз! Құттықтаймыз!