Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қызықты физика"
01
февраль
2018
"Қызықты физика"
Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында физика пәнінің мұғалімі Г.Исембаева 8 сыныптар арасында "Қызықты физика" тақырыбымен білімгерлер сайысын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға 8а сыныбы, ІІ орынға 8б сыныбы және ІІІ орынға 8ә сыныбы ие болды. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын
Шеберлікті шыңдау әр ұстаздың кредосы
01
февраль
2018
Шеберлікті шыңдау әр ұстаздың кредосы
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар - 1 ақпан күндері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту мақсатында мектебімізде шеберлік сабақтары өткізілді. Химия пәнінің мұғалімі Ғ.Ө.Кәмпитова 7а сыныбында "Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі" тақырыбында сабақ өткізсе, орыс тілі пәнінің мұғалімі М.М.Құнапиянова мен бастауыш сынып мұғалімі Р.Орынбекова 1б сыныбында "Транспортные средства" тақырыбында орыс тілі мен жаратылыстанудан кіріктірілген сабақ
Бұрабайдан бас жүлде!!!
31
январь
2018
Бұрабайдан бас жүлде!!!
Бұрабай-Щучье қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Зерде" ХІІІ республикалық байқауында мектебіміздің 7 сынып оқушысы Орынтай Үміт І орынды жеңіп алды. Жеткшісі технология пәнінің мұғалімі Жанаргүл Сағатова. Облысымыздың абройын асқақтатқан әріптесіміз бен оқушымызға алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта көптеген жеңістер тілейміз! Құтты болсын!
"Читать - это здорово!"
30
январь
2018
"Читать - это здорово!"
2018 жылдың 30 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде орыс тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Читать - это здорово!" ұранымен жалпы мектептік акция өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру. Өзара көркем әдебиетті, шетел классик жазушыларының туындыларын насихаттау.
«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты»
26
январь
2018
«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өткен болатын. Осыған орай, аталған тоғызыншы бағыты бойынша үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында сағат 11.00-де, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес
«Жемқорлықсыз әлем»  сурет байқау-көрмесі
22
декабрь
2017
«Жемқорлықсыз әлем» сурет байқау-көрмесі
Мектебіміздің "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері мен бейнелеу пәні мұғалімі Б.Т.Омаралин "Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет көрмесі байқауын ұйымдастырды. Мақсаты: өскелен ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың суреттері арқылы олардың ойларын, көзқарастарын білу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманымен кездесу сабақ
29
октябрь
2017
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманымен
2017 жылдың 27 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Салиханов Сырым Рахметоллаұлы мектебіміздің "Адал ұрпақ" мүшелерімен және 10 сынып оқушыларымен кездесу сабақ өткізді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: 1."Электронды үкімет" және 2.«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті». Оқушылар келген қонаққа өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды, өз ойларын ортаға салды.  
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»
27
октябрь
2017
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»
№20 мен №18 мектептің мұғалімдері арасында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" ұранмен кіші-футболдан және волейболдан жолдастық кездесу өтті. Екі мектеп арасында достық жеңді!
«Парасыз болашаққа бірге!»
29
сентябрь
2017
«Парасыз болашаққа бірге!»
2017 жылдың қыркүйек айында мектебіміздің "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері 8-11 сынып оқушыларымен "Парасыз болашаққ бірге!" тақырыбында жиын өткізді. Осы шараның мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Назад 1 ... 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 Вперед