Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Парасыз болашаққа. Бірге!"
09
апрель
2018
"Парасыз болашаққа. Бірге!"
Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 9 бағыты бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресті жалғастырудың негізгі міндеттеріне байланысты үстіміздегі жылдың 6 сәуірінде қаламызда "Адал жол" атты облыстық марафон өтті. Осы марафонға мектебіміздің "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері көпшілікпен бірге "Парасыз болашаққа. Бірге!" деп ұран тастады.
«Әрбір сөзім өздеріңе аманат»
09
апрель
2018
«Әрбір сөзім өздеріңе аманат»
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы ауқымды идеяларын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 6 сәуір күні Талдықорған қаласындағы "Рухани жаңғыру" орталығында «Әрбір сөзім өздеріңе аманат» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республикалық «Дәстүр» журналының Бас редакторы, ақын Қасымхан Бегмановпен әдеби кездесу кеші өткізілді! Осы аталмыш шараға мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі Раушан Құранғалиеваның жетекшілігімен 7-8 сынып оқушылары қатысып, ақынның
Үздік бейнеролик байқауында ІІ орынға ие болдық
04
апрель
2018
Үздік бейнеролик байқауында ІІ орынға ие болдық
Облыстық "Өзіңді туберкулезден қорға" атты Ең үздік бейнеролик байқауында мектебіміздің 7б сынып оқушылары ІІ орынды жеңіп алып, 10000 теңгенің сертификатына ие болды. Осы бейнероликті әзірлеуде шығармашылық танытқан эстетика пәні бірлестігі мұғалімдері Сағатова Жанаргүл мен Мыңбосынов Мадиярға алғысымызды білдіреміз!
Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы
04
апрель
2018
Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы
Үстіміздегі жылдың 4 сәуір күні Шығыс-Қазақстан облысы "Дінді зерттеу орталығының" теолог маманы Томантаев Арман Ахметкерімұлы, Алматы облысы "Дін істер басқармасының" діни экстремизм және жат ағымдар құрбандарын оңалту орталығының исламтанушы инспекторы Бөкей Дүйсен және Талдықорған қаласының Жастар саясаты кеңесшісі Тұрғанбек Тамир мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен әңгіме-сұхбат жүргізді. Аталмыш кездесуде дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, ата-ана тәрбиесі, баланың ата-анасы алдындағы
Облыстық "Аламан бәйгеден" жүлделі ІІІ орын!
03
апрель
2018
Облыстық "Аламан бәйгеден" жүлделі ІІІ орын!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 23 наурыз күні "Әз-Наурыз" мерекесіне арналған Көксу ауданы, Жетіжал ауылында өткен облыстық "Аламан бәйге" жарысында мектебіміздің 4б сынып оқушысы Жақсылық Әбілмансұр жүлделі ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Көркемсурет галереясына саяхат ұйымдастырылды
02
апрель
2018
Көркемсурет галереясына саяхат ұйымдастырылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні мектебіміздің 5-7 сынып оқушыларына қаламыздағы көркемсурет галереясына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың бейнелеу өнері туралы білімін кеңейту. Балаларды сурет салу түрлері, яғни портрет, пейзаж, натюрморттармен таныстыру. Осы іс-шара арқылы Отанға деген және жергілікті суретшілеріміздің шығармашылықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді
26
март
2018
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 20 наурыз күні мектебімізде "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп алаңында концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Мектеп асханасында әр сынып наурыз көже таратып, ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
"Атадан мал қалғанша тал қалсын"
26
март
2018
"Атадан мал қалғанша тал қалсын"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Туған жер» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 17 наурыз күні мектебімізде "Атадан мал қалғанша тал қалсын" ұранымен мектеп ауласына тал отырғызу науқаны өтті. Ұстаздардың демеушілігімен 15 тал ағаш отырғызылды. Сонымен қатар тазарту жұмыстары жүргізіліп, қоқыс шығарылды.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына библиографиялық шолу жасалынды
15
март
2018
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына библиографиялық шолу
Бүгін, яғни 15.03.18 күні Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы ауқымды иедеяларды іске асыру мақсатында, "Бір ел, бір кітап" акциясы аясында 7 сыныптарға Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына библиографиялық шолу жасалынды. Іс-шараның мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге, адамгершіллікке, туған тілі мен әдебиетін құрметтеуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Бұл
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
15
март
2018
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
"Бір ел, бір кітап" акциясы аясында 2018 жылдың 14 наурыз күні мектебіміздің кітапханашысы Б.Ботаева мен тарих пәнінің мұғалімі Г.Нұрахметованың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына конференция өткізілді. Кіріспе сөзді Б.Ботаева алып, шараның мақсатымен және маңыздылығымен таныстырып өтті. Конференцияны өткізу мақсаты: Елбасының еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген көзқарасының болашақ үшін жасампаз еңбек , тағылымда тарих екенін