Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен OFFLINE»
25
январь
2020
«Мен OFFLINE»
2020 жылдың 22-24 қаңтар күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Осы орайда бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, командалық есепте: 2а сыныбы «Бас жүлдеге», 1в сыныбы І орынға, 4в сыныбы ІІ орынға және ІІІ орынға 4ә сыныбы ие болды. Осы байқауда келесі оқушыларымыз үздіктер қатыран көрінді: 1в сыныбынан Сайын Ернұр,
"Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан"
19
январь
2020
"Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан"
2020 жылдың 17 қаңтарында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" тақырыбындағы мақаласымен ұжым мүшелерін мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов таныстырып, мақаланың әр бөліміне жекелей тоқталды. Бұдан кейін мектеп басшысы ұлы Абайды бүгінгі оқушыларды жан-жақты терең таныту үшін тек әдебиетші мұғалімдер мен тәрбие бағыты емес, бұл барлық педұжымның басты
Спортшы аруларымыз жүлделі орындардан көрінді
18
январь
2020
Спортшы аруларымыз жүлделі орындардан көрінді
18.01.20 күні қалалық "Қысқы спорт түрлерінен - денсаулық фестивалі" жарысы аясында өткен шаңғы спортынан мектебіміздің нəзік жанды спортшыларымыз, тарих пəнінің мұғалімі Абдрахманова Əсел ІІІ орынға жəне асхана жұмысшысы Тукебаева Эльмира ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Спортпен өмір сүр!
«Парасаттылық. Адалдық. Шынайлық»
17
январь
2020
«Парасаттылық. Адалдық. Шынайлық»
2020 жылдың 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы мектебіміздің оқушыларымен «Парасаттылық. Адалдық. Шынайлық» тақырыбында адалдық сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты - жастарда адалдық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру, сонымен қатар оқу-тәрбие процесінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау сезімін
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
16
январь
2020
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
2020 жылдың 15 қаңтар күні мектебімізде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күніне арналған «Ғасырда бір туатын дара тұлға» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Осы игі шараға арнайы шақырылған қонаевтанушы, профессор, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Хания Есдәулетқызы қатысты. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар
Кезекті мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
15
январь
2020
Кезекті мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
2020 жылдың 14 қаңтар күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының қызметкерлері мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» қызметекерлері қатысып, қоғамда белең алып тұрған мәселелер туралы сөз қозғады. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының заңгері сөз алып, осы аталмыш орталық жасөспірімдердің
"Құлақтан кіріп бойды алар"
13
январь
2020
"Құлақтан кіріп бойды алар"
Мектебіміздің 5б сынып оқушысы Мүрсәлім Аділет Республикалық Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Құлақтан кіріп бойды алар" атты байқауында Бас жүлдеге және ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар Республикалық "Атамекен" байқауында Бас жүлде және Халықаралық "Music-Fest" байқауында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсын!
"Бір өлеңі - бір әлем"
13
январь
2020
"Бір өлеңі - бір әлем"
Үстіміздегі жылдың 11 қаңтар күні қаламыздағы С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханасында "Бір өлеңі - бір әлем" атты Жетісудың ақыны Танагөз Толқынқызының жыр кеші өткізілді. Осы кеште мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары Данабай Әлібек, Серікбекқызы Жібек жəне Абдолда Амина ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Ал осы оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі Раушан Рыспекқызы Құрманғалиева алғыс алды.
Қалалық "Зерде" байқауында жүлделі орындардан көріндік
06
январь
2020
Қалалық "Зерде" байқауында жүлделі орындардан көріндік
"Зерде" қалалық байқауында жүлделі орындар алған оқушылар мен пән мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз! 1. Ахметкәрім Кәусәр - 2 а, ІІІ орын, мұғалімі Л.Дүтбаева 2. Казизбеков Мадияр - 2а, ІІІ орын, мұғалімі Л.Дүтбаева 3. Мұратханұлы Алмаз - 4а, І орын, мұғалімі С.Иманбекова 4. Болат Ерасыл - 3а, ІІІ орын, мұғалімі К.Төлегенова 5. Қуан Жанел - 7б, І орын, мұғалімі Қ.Мықтыбаева 6. Мұрат Ернар - 2ә, грамота, мұғалімі Р.Туғанбаева.
«Қош келдің, Жаңа жылым мектебіме!»
06
январь
2020
«Қош келдің, Жаңа жылым мектебіме!»
2019 жылдың 25-27 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде Жаңа 2020 жылды лайықты қарсы алу мақсатында кесте бойынша барлық сыныптарда «Қош келдің, Жаңа жылым мектебіме!» атты жасыл шырша манында ертеңгіліктер мен бал кештері ұйымдастырылды. Шара барысында көңілді ойындар жүргізіліп, өнерлі оқушыларымыз ән мен биден шашу шашты. 26 желтоқсан күні 6а және 7б кадет сыныбы тәлім алушыларын Талдықорған қаласы Полиция департаментінің басшылығы жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Салтанатты шараға