Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес өткізілді
19
август
2020
Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес өткізілді
Бүгін, яғни 19 тамыз күні, сағат 10.00-де Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету. Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі. Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мәселелер келесі мәселелер қаралды: 1) Жаңа оқу
"СПОРТ! СПОРТ! СПОРТ!" - І орын
29
июль
2020
"СПОРТ! СПОРТ! СПОРТ!" - І орын
Республикалық "Спорт! Спорт! Спорт!" тақырыбы аясында "Мен және спорт" видеоролик дайындау байқауында 3г сынып оқушысы Иминов Архат І дәрежелі дипломға ие болды! Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қайыржан Жұмабекұлы Қуанышбаев. Құттықтаймыз!
"Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбындағы "Адалдық сағаты"
25
июль
2020
"Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбындағы "Адалдық сағаты"
[media=https://www.youtube.com/watch?v=ZSM38Eh37YQ&t=4s] Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында «Адалдық сағаты» жалпы республикалық бірыңғай акциясы онлайн форматта өткізіліп жүр. Осыған байланысты ұлы ойшыл, ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деген тақырыппен , мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді.
"Нұрлана бер, Нұр-Сұлтан"
14
июль
2020
"Нұрлана бер, Нұр-Сұлтан"
Мектебіміздің "Балдәурен" домбырашылар ансамблі "Нұрлана бер, Нұр-Сұлтан" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында І орынға ие болды! Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Есімжан Сәбира. Құттықтаймыз!!!
Ұстазымыз "Үздік сабақ жоспары" байқауында ІІ орынға ие болды
03
июль
2020
Ұстазымыз "Үздік сабақ жоспары" байқауында ІІ орынға ие болды
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы EDULIFE.KZ Республикалық әдістемелік сайты қашықтықтан ұйымдастырған "Үздік сабақ жоспары" конкурсына қатысып ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Оқушыларымыз "Большие гонки" блиц-турнирінде жүлдегер атанды!
30
июнь
2020
Оқушыларымыз "Большие гонки" блиц-турнирінде жүлдегер атанды!
Оқушыларымыз THESIS.КZ Республикалық білім беру порталы ұйымдастырған дене шынықтыруы пәні бойынша республикалық "Большие гонки" блиц-турнирінде жүлдегер атанды! Олар, 11 сынып оқушылары Нигметтолла Назерке - ІІ орын, Ғазиз Диас - ІІ орын және Отарбай Әсет ІІІ орын. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы.
«Ақында бір бала ғой айға ұмтылған»
12
июнь
2020
«Ақында бір бала ғой айға ұмтылған»
Облыстық "Мағжан оқулары" байқауында ару қызымыз жеңімпаз атанды! «Ақында бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша 11а сынып оқушысы Нұрбосын Назерке І орынды жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы! Құттықтаймыз!
"Абай - дана, Абай - дара қазақта"
12
июнь
2020
"Абай - дана, Абай - дара қазақта"
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты республикалық байқауда апалы-сіңілі қыздарамыз үздік атанды! 6б сынып оқушысы Серікбекқызы Жадыра - І орын, жетекшісі Құнапиянова Махаббат Медетбекқызы; 4б сынып оқушысы Серікбекқызы Дильназ - І орын, жетекшісі Әбуғалиева Әсем Қыдырғалиқызы. Құттықтаймыз!
Дарыннан дара шықты
12
июнь
2020
Дарыннан дара шықты
"Дарын" республикалық ғылыми орталығы ұйымдастырған олимпиадада қазақ тілі пәнінен 10а сынып оқушылары Жұмабай Олжас - І орынға және Нұрбосын Назерке - ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы. Құттықтаймыз!!!