Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шежіре күні аталып өтілді
16
март
2021
Шежіре күні аталып өтілді
Талдықорған қаласының жастары, Алматы облысының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен 16 наурыз шежіре күніне орай ата-әжелерімізбен рухани тәрбиелік, мәні зор кездесу өткізілді. Осы кеште мектебіміздің өнерпаз оқушылары ән мен жырдан шашу шашты.
"Жыр алыбы - Жамбыл"
16
март
2021
"Жыр алыбы - Жамбыл"
Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала» отандық өнім компаниясының демеушілігімен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай  «Жыр алыбы - Жамбыл»  атты жыраудың жыр шумақтарын мәнерлеп, жатқа оқу   байқауында мектебіміздің 7в сынып оқушысы Смайыл Мархабат марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында"
15
март
2021
Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында"
Бала бақыты ел бақыты! Кішкентай Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында" демалып, оқуын жетілдіруге мүмкіндік алды. Қызымыз барлық іс-шараларға белсене қатысуда.
Әміржан ІІ орынға ие болды!
15
март
2021
Әміржан ІІ орынға ие болды!
Мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Ізтілеу Әміржан Капшағай қаласындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында демалуға мүмкіндік алып, "Өнерлі орта" шығармашылық байқауында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Анар алтыннан алқа тақты!
13
март
2021
Анар алтыннан алқа тақты!
Мектебіміздің 9в сынып оқушысы Ақан Анар Нұр-Сұлтан қаласында өткен Грэпплинг күресінен Қазақстан Республикасының Кубогында І орынға ие болды. Құттықтаймыз! Алдағы жарыста ел мерейін үстем ететініне сенім білдіреміз!
"Қылмыс пен жаза", "Әлімжеттік жасау - әлсіздік"
10
март
2021
"Қылмыс пен жаза", "Әлімжеттік жасау - әлсіздік"
2021 жылдың 10 наурыз күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие бөлімі мен психологтары және мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Сәкенованың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен "Қылмыс пен жаза", "Әлімжеттік жасау - әлсіздік" тақырыптарында ашық алаң жиналысын өткізді. Аталмыш шараға қалалық полиция департаментінен полиция капитандары Т.Дүзбаев пен Т.Құсайыновалар қатысты. Шара барысында полиция қызметкерлері сөз алып, жастар арасында
Оқушыларымыз қалалық байқауларда жүлдегер атанды.
09
март
2021
Оқушыларымыз қалалық байқауларда жүлдегер атанды.
Мектебіміздің оқушылары, 9а сынып оқушысы Данабай Әлібек қалалық "Мұқағали оқулары" онлайн байқауыны қатысып ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Д.Садуақасова. Сондай-ақ 9а сынып оқушысы Оралбекұлы Оралжан қалалық "Жарқын болашақ" олимпиадасында "Сөз шеберлері" бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Епекова. Құттықтаймыз!!!
"Алты Алаштың күй анасы - Дина"
09
март
2021
"Алты Алаштың күй анасы - Дина"
Композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған республикалық "Алты Алаштың күй анасы - Дина" атты шығармашылық байқауында 6 сынып оқушысы Таңатаров Еркебұлан Бас жүлдеге және 2 сынып оқушысы Таңатаров Нұрислам 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
"Ана - өмірдің шуағы, қыз әлемнің қызғалдағы"
09
март
2021
"Ана - өмірдің шуағы, қыз әлемнің қызғалдағы"
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 2021 жылдың 1 - 6 наурыз күндері аралығында "Ана - өмірдің шуағы, қыз - әлемнің қызғалдағы" тақырыбында мерекелік апталық өткізілді. Апталық аясында тақырыптық ертеңгіліктер, видео құттықтаулар мен челлендждер жүргізілді. Сонымен қатар мектеп басшысы бастаған ер мұғалімдері мен өнерлі оқушылары мектептің нәзік жанды қызметекерлерін қашықтықтан құттықтап, біршама мұғалімдер құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды
06
март
2021
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен І орын алған оқушылар мен "Дарын" байқауынан І орын алған оқушылар қалалық білім бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Құттықтаймыз!