Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Parasatty otbasy» онлайн байқауында жүлде алдық
08
декабрь
2020
«Parasatty otbasy» онлайн байқауында жүлде алдық
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырылған «Parasatty otbasy» онлайн байқауына мектебіміздің 10ә сынып оқушысы Серікбек Жібек қатысып, нәтижесінде Серікбектер отбасы ІІІ орынға ие болып, микротолқынды пеш ұтып алды. Құттықтаймыз! [media=https://www.youtube.com/watch?v=Po_fT4hjRTg]
Полицияда қызмет ету абыройлы іс.
07
декабрь
2020
Полицияда қызмет ету абыройлы іс.
2020 жылдың 4 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Алматы облысының білім басқармасымен бірлесе отырып мектеп түлектеріне тікелей эфирде кәсіптік бағдар жүргізді. Шара барысында полиция подполковнигі А.Г.Сасин оқушыларды, ата-аналарды ішкі істер мамандықтары бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар Академия бойынша онлайн саяхат жүргізді.
"Елбасы мұрасы" тақырыбында өткен сурет салу байқауының жүлдегерлері анықталды
05
декабрь
2020
"Елбасы мұрасы" тақырыбында өткен сурет салу байқауының жүлдегерлері
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған сурет салу өнері байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз! "Елбасы мұрасы" тақырыбы бойынша Абеу Динара І орын, Әділбекұлы Олжас ІІ орын және Мырзахан Аружан ІІІ орын. Ал "Елбасы және спорт" тақырыбы бойынша Қожрахмет Ақсая І орын, Данабай Айжан ІІ орын және Депутат Жанел ІІІ орын. Өнерлерің өрге жүзсін!
«Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама»
05
декабрь
2020
«Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама»
2020 жылдың 4 желтоқсан күні "Денсаулықты ықпал ететін мектептер" жобасы жоспарына сай "Салауатты өмір салтын насихаттау" орталығы мамандары мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен «Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Мақсаты: Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақырып, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
"Педагогикалық дебют-2020" байқауында ІІІ орын!
05
декабрь
2020
"Педагогикалық дебют-2020" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тарыбаева Шынар Бейсенбинқызы қалалық "Педагогикалық дебют-2020" байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жас ұстазға алғашқы жеңісінің алдағы алар асуларынның бастауы болсын деген тілек білдіреміз.
"Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орын
04
декабрь
2020
"Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орын
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Батышева Бақытгүл Темурханқызы қалалық "Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орынды жеңіп алды. Танымдық дүниетанымы кең, кәсіби құзыретті, өзіндік жаңашыл идеясы бар әріптесімізді құттықтай отырып, алар асуы биік болсын дегіміз келеді.
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді
02
декабрь
2020
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді
2020 жылдың 23 мен 30 қараша күндері аралығында мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді. Барлық сыныптарда тақырыпқа сай тәрбие сағаттары жүргізіліп, жас ерекшеліктеріне қарай «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім», «Сын сағат», «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Елбасы ролі» фильмдері көрсетілді. Кітапханада «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, видео ролик арқылы библиографиялық шолу
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие»
28
ноябрь
2020
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие»
2020 жылдың 27 қараша күні мектебімізде педагог-ұйымдастырушы Л.Ирсимбетова, мектеп психологтары А.Нұғыманова мен Д.Көкежанова және мектеп инспекторы М.Қозілиястың ұйымдастыруымен қыздар арасында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. Аталмыш вебинарға 7-11 сыныптың қыздары қатысты. Шара барысында ерте жастан жүктілік туралы мағлұматтар айтылып, денсаулыққа кері әсері жайында мәліметтер берілді. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев
27
ноябрь
2020
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев
Ағымдағы жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мекебіміздің 6-9 сынып оқушыларына Zoom платформасы арқылы балалар қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен еңбегі туралы онлайн дәріс өткізді.
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
21
ноябрь
2020
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
2020 жылдың 16 - 20 қараша күндері аралығында мектебімізде «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты апталық өткізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда тақырыпқа сай сынып сағаттары, 8 сынып оқушылары арасында «Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын, 2 - 6 сыныптарда «Рәміздерім - мақтанышым» атты сурет салу көрмесі, 1-10 сыныптарда «Мен Туымды мақтан етемін» - бейнеролик челленджі өткізілсе, мектеп кітапханасында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне