Мектебімізде жалғасын тапқан жақсы дәстүр
Мектебімізде жалғасын тапқан жақсы дәстүрлер көптеп саналады. Солардың бірі - зейнеткерлік жасқа келген ардагер ұстаздарға құрмет көрсету дәстүрі. Биылғы оқу жылы бұл ұжым үш бірдей зейнеткерлік жасқа келген әріптестеріне құрмет көрсетіп, заңды демалыстарына шығарып салуға дайындалуда. Олар жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Дүйсекенова Айгүл Сейітқызы, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Дүтбаева Ләззат Телібайқызы, жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Омарова