Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Абайлаңыз, балақай!-2» 2021 - 2022 оқу жылы
30
январь
2022
«Абайлаңыз, балақай!-2» 2021 - 2022 оқу жылы
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 24-29 қаңтар күндері аралығында мектебімізде «Абайлаңыз, балақай!» атты апталық өткізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жолда жүру ережелері, діни экстремизм мен терроризм қаупі, ғаламтордағы радикалды ағымды насихаттайтын және өлімге итермелейтін қауіпті сайттар мен аккуанттар туралы ақпарат беріліп, қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ "Біз терроризмге қарсымыз"
"Жат ағым орға жығады"
30
январь
2022
"Жат ағым орға жығады"
Мектебімізде "Абайлаңыз, балақай!" атты апталық өткізілуде. Апталық аясында 2022 жылдың 27 қаңтар күні 6 сынып оқушыларымен "Жат ағым орға жығады" тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды. Шара барысында деструктивті діни ағымдар қаупі туралы видеороликтер, әлеуметтік желідегі қауіпті аккуанттар туралы слайд көрсетіліп, әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға байланысты сұрақтар қаралып талқыланды. Оқушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Эссе: «Ұлт ұстазы -Ахмет»
21
январь
2022
Эссе: «Ұлт ұстазы -Ахмет»
Мектеп түлектері арасында «Ұлт ұстазы -Ахмет» тақырыбында бірыңғай эссе жазылды. Эссені алудағы негізгі мақсат: Ахмет атамыздың 150 жылдығын тойлау қарсаңында олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелеу.
«Жас мұғалімдер мектебінің» кезекті отырысы өткізілді
21
январь
2022
«Жас мұғалімдер мектебінің» кезекті отырысы өткізілді
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2022 жылдың 19 - қаңтарда «Жас мұғалімдер мектебінің» кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша мектеп психологтары Дана Көкежанова мен Балауса Ерғожа «Мен ғажайыппын» тақырыбында интеллектуалды ойын-жаттығуларынан құралған тренинг өткізді. Бұдан соң отырысқа шақырылған педагог-зерттеушілер Анар Садуакасова, Қ.Мықтыбаева, Л.Теміржанова, А.Лаубаевалар жас мамандардың өтініштері бойынша дайындаған тақырыптарымен
"Қош бол, сүйікті әліппем!"
21
январь
2022
"Қош бол, сүйікті әліппем!"
Жуырда мектебіміздің 1 сынып балғындары алғашқы оқулығы Әліппемен қоштасты. Олар ұстаздары алдында өлең оқып, би билеп, тақпақ айтып, бар өнерлерін ортаға салды. Көптің алдында мүдірмей сөйлеуге жаттығып қалған оқушылар зерек, әрі алғыр екендіктерін аңғартты. Әріптер әлемімен толық танысып, келесі кезеңге қадам басты. Енді балалардың дүниетанымы «Ана тілі» оқулығы арқылы одан әрі кеңейе түседі.
«Жаңа жылдық чемпионат»
31
декабрь
2021
«Жаңа жылдық чемпионат»
«Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз» жобасы аясында, қысқы каникулды тиімді ұйымдастыру мақсатында волейболдан 9-11 сынып қыздары арасында «Жаңа жылдық чемпионат» жарысы өткізілді. Тартысқа толы жарыс нәтижесі бойынша І орынға 11 сынып түлектері, ІІ орынға 10б сыныбы және ІІІ орынға 10ә сыныбы қыздары ие болды. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен бірқатар қыздарымыз жекелей номинацияларға ие болды.
Кадеттер арасында өткен жарыста жеңімпаз атандық
28
декабрь
2021
Кадеттер арасында өткен жарыста жеңімпаз атандық
2021 жылдың 25-желтоқсан күні №14 орта мектеп-гимназиясы қабырғасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты қалыптастыру және кадеттердің әскери рухын көтеру мақсатында Талдықорған қаласының №18 орта мектеп- лицейі мен №14 орта мектеп-гимназиясының кадет сыныптар арасында «Жас қыран» әскери-спорттық жарысы өткізілді. Осы жарыста мектебіміздің 9б кадет сынып оқушылары І орынға ие болса, 8а кадет сыныбы ІІІ орынға ие болды. Номинациялар бойынша 9 сыныптар: "Үздік командир"