Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жазғы демалыс – белсенділік пен сергектіктің кепілі!
18
июль
2025
Жазғы демалыс – белсенділік пен сергектіктің кепілі!
Жазғы алаң аясында мектебіміздің оқушылары қызықты күн өткізді. Алдымен балалар түрлі спорттық ойындар ойнап, командалық рухтарын нығайтты. Одан кейін, қаламыздағы “Family Park” бассейніне барып, шомылып, жаздың аптап ыстығында салқындап қайтты.  Мұндай белсенді демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды!
Тарихпен танысып, табиғат аясында демалыс!
17
июль
2025
Тарихпен танысып, табиғат аясында демалыс!
Бүгін жазғы алаң оқушылары Ілияс Жансүгіров атындағы мемориалды мұражайына барып, Алаш арысының өмір жолымен, шығармашылығымен жақын танысты. 🖼️ Мұражай қызметкерлері қызықты экскурсия өткізіп, балалардың білім көкжиегін кеңейтті. Экскурсиядан кейін оқушыларымыз қаламыздың көркі – орталық саябаққа барып, серуендеп, таза ауада демалып, көңілді уақыт өткізді. Жазғы демалыс – тек ойын ғана емес, таным мен тәрбие уақыты!
Кино күні – ерекше көңіл күй!
16
июль
2025
Кино күні – ерекше көңіл күй!
Бүгін мектебіміздің оқушылары жазғы алаң аясында қаламыздағы кинотеатрға барып, “Супермен” фильмін тамашалап қайтты. Оқушылар қызықты оқиғаға толы фильмнен керемет әсер алды. Кино кейіпкерінің батылдығы мен әділеттілікке деген ұмтылысы балаларға шабыт сыйлап, жағымды эмоциялар тарту етті.  
Жаз қызығы шомылу!
15
июль
2025
Жаз қызығы шомылу!
Бүгін жазғы алаңның балалары қаламыздағы бассейнге барып, шомылып, көтеріңкі көңіл-күймен керемет уақыт өткізді! Су серуені балалар үшін әрі сергітерлік, әрі қызықты өтті. Ашық аспан астындағы шат-шадыман сәттер олардың жазғы демалысын жарқын естеліктермен толықтырды.
Кезекті танымдық саяхат
14
июль
2025
Кезекті танымдық саяхат
"Мұражай – құндылықтар мекені" ұранымен мектебіміздің жазғы алаң оқушыларына қаламыздағы орналасқан М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайын мен І.Жансүгіров мемориялды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, танымдық құштарлыққа жетілдіру, өсіп-өнген өлкесін танып білуін, тарихи білімін қалыптастыру, салт-дәстүрін дәріптеу, патриоттық сезімдерін ояту. ​https://www.instagram.com/p/DMFtCrQpZAn/​​​
"Біз спортты таңдаймыз, зиянды әдетке бармаймыз!"
12
июль
2025
"Біз спортты таңдаймыз, зиянды әдетке бармаймыз!"
11.07.2025 күні "Біз спортты таңдаймыз, зиянды әдетке бармаймыз!" ұранымен жазғы алаңда ерекше көңілді, әрі пайдалы эстафеталық ойындар өтті! Балалар спорттық рухты сезініп, командалық ойындарда белсенділік танытты. Бұл іс-шара олардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталды. Қозғалыс – өмір, спорт – денсаулық кепілі! Осындай жарқын әрі тәрбиелік мәні зор шаралар әлі де жалғасын
Жаздың ең қызықты сәттері!
11
июль
2025
Жаздың ең қызықты сәттері!
 Жазғы алаң балалары "Family Park" бассейніне барып, суға шомылып, көңілдері көтерілді. Бұл күн олар үшін ерекше әрі естен кетпес болды! Жаздың қызығын бірге өткізейік!  
Жазғы демалыс “Бастау” лагерінде!
10
июль
2025
Жазғы демалыс “Бастау” лагерінде!
Осы күндері мектебіміздің оқушылары Текелі қаласында орналасқан “Бастау” қала сыртындағы сауықтыру лагерінде демалуда. Балалар таза ауада серуендеп, қызықты ойындар ойнап, жаңа достар тауып, жарқын әсерлерге бөленуде.  
Керемет кино күні!
09
июль
2025
Керемет кино күні!
Бүгін мектебіміздің жазғы алаңының балалары қаламыздағы кинотеатрға барып, “Айдахарды қалай үйретеміз?” атты анимациялық фильмді тамашалады.  Балалар ғажайыптар мен қиялға толы әлемге сапар шегіп, нағыз достық пен батылдықтың не екенін тағы бір мәрте сезінді. Көңілді, әсерлі сәттерге толы бұл күн балалардың есте қаларлық жазғы естеліктерінің бірі болды!  
"Big Smile" ойын-сауық орталығына барып қайттық
08
июль
2025
"Big Smile" ойын-сауық орталығына барып қайттық
Бүгін мектебіміздің жазғы алаң балалары қаламыздағы "Big Smile" ойын-сауық орталығына барып, көңілді әрі әсерлі уақыт өткізді. Балалар түрлі ойындар мен қызықты шараларға қатысып, жаңа достар тапты, қуаныш пен күлкіге толы күн өткізді. Осындай ерекше күндер балалардың шаттығын арттырып, олардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын табады деп үміттенеміз!