30
ноябрь
2022
“Ананың ұлы махаббаты" атты сөз зергері сайысы өткізілді
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде "Тіл-рухани қазына бастауы" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының аясында Ғ.Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай 7 сынып білім алушыларымен “Ананың ұлы махаббаты" атты сөз зергері сайысы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 7а сынып оқушылары, ІІ орынға 7ғ сынып оқушылары және ІІІ орынға 7б сынып оқушылары ие болды. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жадрашова Айгерім, Бейсенбай Гүлдана, Базарбекова Арайлым, Садуакасова Анар.


















