07
май
2021
«Елін қорғау – ерге серт» және «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс»
2021 жылдың 4-6 мамыр күндері мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Елін қорғау – ерге серт» және «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» ұранымен сыныптан тыс іс-шаралары өткізілді. Мереке аясында «Жеңіс үшін зор алғыс!» атты батыр аталар мен ер азаматтар туралы бейнеролик, «Отанды қорғаған әйелдер» атты батыр әйелдер жайында бейнероликтер челлендждері жүргізілсе, «Жеңіс жәдігері» тақырыбында сурет салу эстафетасы жүргізілді. Барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары өткізіліп, видео құттықтаулар жолданды. Өнерлі оқушыларымыз түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар мектебіміздің нәзік жанды арулары ер мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді Отан қорғаушылар күнімен мерекелік видео арқылы құттықтады. Бірқатар мұғалімдер мен кіші қызметкерлер мектеп басшысы қолынан марапаттауларға ие болды.
















