19
ноябрь
2020
«Шоқан – сұңғыла саяхатшы»
Мектебімізде 19.11.20 күні Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан – сұңғыла саяхатшы» атты онлайн – конференция өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – қазақтың бір туар ұлы Шоқанның әлеміне саяхат жасау, зерттеулерімен таныстыру, ғалымды әр қырынан таныту. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, шығармашылық еңбектері жайында оқушы білімін толықтыру, түсініктерін, ой - өрістерін кеңейту. Ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін оқушыларға түсіндіру.