Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен елімді сүйемін!" атты патриоттық әндер байқауы өткізілді
17
март
2019

"Мен елімді сүйемін!" атты патриоттық әндер байқауы өткізілді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде үстіміздегі жылдың 1 наурыз күні "Мен елімді сүйемін!" атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Мақсаты - өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, өнер әлеміндегі жаңа есімдерді анықтау. Дүбірлі додаға 5-8 сынып аралығындағы өнерлі оқушыларымыз қатысып, бақ сынасты. Үлкен дайындықпен келгенін көрсеткен қатысушылар талап бойынша жанды дауыста патриоттық әндер шырқады. Нәтижесінде "Бас жүлдені" 6а сынып оқушысы Ерхан Шыңғысхан жеңіп алды, І орынға 6б кадет сыныбының оқушысы Кемелхан Сұңғат ие болды, ІІ орынға 7а сынып оқушысы Данабай Әлібек пен 8а сыныптың "Арулар" дуэты, ІІІ орынға 7б сыныптың "Алаш" тобы мен 6б кадет сыныбының оқушысы Қанатбек Гауһар ие болды. Құттықтаймыз!

"Rýhanı jańǵyrý" baǵdarlamasy aıasynda mektebіmіzde ústіmіzdegі jyldyń 1 naýryz kúnі "Men elіmdі súıemіn!" atty patrıottyq ánder baıqaýy ótkіzіldі. Maqsaty - óskeleń urpaqty Otanyn, elіn, jerіn súıýge tárbıeleý, óner álemіndegі jańa esіmderdі anyqtaý. Dúbіrlі dodaǵa 5-8 synyp aralyǵyndaǵy ónerlі oqýshylarymyz qatysyp, baq synasty. Úlken daıyndyqpen kelgenіn kórsetken qatysýshylar talap boıynsha jandy daýysta patrıottyq ánder shyrqady. Nátıjesіnde "Bas júldenі" 6a synyp oqýshysy Erhan Shyńǵyshan jeńіp aldy, I orynǵa 6b kadet synybynyń oqýshysy Kemelhan Suńǵat ıe boldy, II orynǵa 7a synyp oqýshysy Danabaı Álіbek pen 8a synyptyń "Arýlar" dýety, III orynǵa 7b synyptyń "Alash" toby men 6b kadet synybynyń oqýshysy Qanatbek Gaýһar ıe boldy. Quttyqtaımyz!