08
октябрь
2025
"Қыз - ұлттың айнасы"
“Балауса” қыздар ұйымы жұмысына сай 08.10.2025 күні қаламыздағы “Жастар денсаулық орталығы” үйлестірушісі Бейсенбаева Кенжегүл Мұхитқызы келіп, 8-9 сынып қыздарымен "Қыз - ұлттың айнасы" тақырыбы бойынша жиналыс өткізді.
Кездесу барысында Кенжегүл ханым жасөспірімдерге жүктіліктің ерте жастағы салдары, оның денсаулық пен болашаққа тигізетін әсері жайлы ашық әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулық туралы маңызды мәліметтермен бөлісіп, қыздарға өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндірді. Ал мектебіміздің психологтары психоэмоцияналдық күйзелістен шығу мен өзін-өзі реттеу жолдары туралы кеңестер берді. Қатысушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
