Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Оқушының құқығы мен міндеті” тақырыбындағы түсіндірме жұмыстар жалғасуда
09
сентябрь
2025

“Оқушының құқығы мен міндеті” тақырыбындағы түсіндірме жұмыстар жалғасуда

 “Оқушының құқығы мен міндеті” тақырыбындағы түсіндірме жұмыстар жалғасуда
Мектебімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев пен “Әдеп және құқық” жұмысы жөніндегі ментор Нұрдаулет Бекетайұлы бастауыш және орта буын сыныптарына кіріп, оқушылармен кездесті.
Шара барысында:
- оқушының негізгі құқықтары мен міндеттері қарапайым әрі түсінікті мысалдар арқылы түсіндірілді,
- мектеп ережелері мен сыныптағы сыйластықтың маңызы айтылды,
- оқушылардың пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Осындай жұмыстар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құқықтық сауаттылығын дамытуға, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңіруге ықпал етеді.