28
август
2025
«Адал азамат» – болашаққа бағдар!
28.08.2025 күні директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасарларының ұйымдастыруымен мектебімізде сынып жетекшілер мен педагогтарға арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтті.
Семинар барысында ұстаздар:
- бағдарламаның мазмұны мен басты бағыттарымен танысты;
- оқушылардың бойында патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдарын талқылады;
- "Досболайық" антибуллинг бағдарламасы;
- "Қауіпсіздік сабақтары" маңыздылығы;
- тәрбие жұмысын жаңа форматта ұйымдастырудың әдістемелік қырларын үйренді.
Бұл бағдарлама – қолайлы оқу ортасында, жас ұрпақтың саналы, адал, елін сүйетін азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадам.
