16
май
2025
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды
2025 жылдың 16 мамыр күні бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы мен мөлшері, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойманы және тағамға ас пісіруге қажетті тағамдардың жарамдылық мерзімін, ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тамақтың каллориясы, асхананың тазалығы қаралды. 2 апталық мәзір, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тамақ мөлшері, тамақтың 3 күндік сынамасы дұрыс, ыдыс –аяқтары таза. Бракераж комиссиясы асхана жұмысына жақсы деген баға берді.


