13
февраль
2025
Курсанттар оқушылармен кездесті
Мектебімізде тұңғыш ашылған кадет сыныбының 2024 жылғы түлектері, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 курс курсанты курс старшинасы, азаматтық қорғау кіші сержанты Айтмұхамбет Әбілмансұр Әсетұлы мен ҚР ІІ министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 1 курс курсанты взвод командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Әділхан Әділет Нұрланұлы мектебіміздің кадет сыныбы оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді. Кездесу барысында түлектерге полициялық қызметтің маңызы, адал қызмет туралы, сыбайлас жемқорлықпен күрес түрлері туралы ойларымен бөлісіп, оқу орындарына түсу талаптары және болашақта құқық қорғау саласындағы мамандықтың берер мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.


