16
январь
2025
"Жас сақшы" кадет сыныбы қауіпсіздік сағатын жүргізді
"Заң және тәртіп" айлығы аясында мектебімізде "Жас сақшы" кадет сыныбы оқушыларының ұйымдастыруымен бастауыш және орта буын сыныптарда "Абайлаңыз, балақай!" тақырыбында қауіпсіздік сағаты жүргізілді. Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.




