04
январь
2025
"Жетісу арена" мұз айдынына балалар үшін тегін сырғанақ тебу ұйымдастырылды.
Жетісу облысының жоспарына сай қысқы каникул кезінде қаламыздағы "Жетісу арена" мұз айдынына балалар үшін тегін сырғанақ тебу ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларымыз сырғанақ теуіп, көңілдерін көтеріп қайтты. Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.




