16
октябрь
2024
“Суық қару - серік емес”, “Мотивация - жетістікке жетелейді”
“Жас жігер” ұлдар ұйымы жоспарына сай ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев пен Әдеп және құқық жөніндегі менторы М.Е.Сарсебаев 9-10 сынып ұлдарымен жиын өткізілді. Аталмыш шара “Суық қару - серік емес”, “Мотивация - жетістікке жетелейді” тақырыптарында слайд пен видео роликтер көрсету арқылы TED-X форматта ашық алаң өткізілді. Шара барысында алғашқыда білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі туралы айтылды. Әрмен қарай спортта еліміздің данқын асырған танымал спортшылардың ғибратты өмірінен, тарихи сәттерінен үзінділер көрсетіліп, оқушыларды салауаттылыққа, отаншылдыққа шақырды.




