09
февраль
2024
"Әкелер форумы" өткізілді.
"Даналық мектебі" жобасы аясында 08.02.2024 күні мектебімізде әкелердің қатысуымен "Әкелер форумы" өткізілді. Шараға «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, «Әкелер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы мен «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары Досмұхамбетов Асхат Сейденұлы қатысып әкенің отбасындағы рөлі мен бала тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті. Өз сөздерінде патриоттық сезімді дарытып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әке рөлін көтеру мәселелеріне қоғам назарын аудару қажет деп атап өтті. Осы орайда, кеңесте белсенді әкелердің басы қосылып, алдыңғы буынның оңды тәрбиесін, ата-аналар қауымдастығының жұмысын жетілдірудегі өзекті сұрақтарды талқылау сынды бірқатар мәселелерге тоқталды.
Мектеп-лицей директоры Салтанат Бейсенбайқызы: – Әкелер кеңесінің жұмысы – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиесіне ат салысуға шақыру және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы ата-ананың, әкенің белсенділігін арттыру болып табылады, деді.
Шара соңында мектебімізде «Әкелер кеңесі» құрамы жаңартылып, Қожақов Абылай Елтайұлы төрағасы ретінде сайланды.
