Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дене қозғалысы – денсаулық кепілі» атты денсаулық күні өткізілді.
16
октябрь
2023

«Дене қозғалысы – денсаулық кепілі» атты денсаулық күні өткізілді.

Біртұтас тәрбие жоспары мен «Ұлттық мектеп лигасы» жоспарына сай 2023 жылдың 14 қазан күні «Дене қозғалысы – денсаулық кепілі» атты денсаулық күні өткізілді. Жоспары бекітіліп, келесі жарыстар өткізілді:
 - 5 сыныптар арасында "Әкем, анам және ұстазым" атты эстафеталық ойын өткізілді. Команда құрамы сынып жетекшіден, ата-анадан және 4 оқушыдан жасақталды. Жарыс өте тартысты өтті, нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. І орынға 5в сыныбы, ІІ орынға 5а сыныбы, ІІІ орынға 5б сыныбы мен 5ә сыныбы ие болды.
 - Мұғалімдер арасында "Спорт - біздің серігіміз!" атты эстафеталық ойын өткізілді. Тартысты өткен жарыстың нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. 
 - 7 сыныптар арасында Футзалдан жарыс өткізіліп, нәтижесінде І орынға 7в сыныбы, ІІ орынға - 7а, және ІІІ орынға 7ә сыныбы ие болды.
Құттықтаймыз!