Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айжан облыстық байқауда ІІ орынға ие болды!
04
август
2023

Айжан облыстық байқауда ІІ орынға ие болды!

Мектебіміздің 10а сынып оқушсы Данабай Айжан «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен Жетісу облыстық «Андас Омарақын оқулары» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Ботаева Мария Данабатшақызы! Құттықтаймыз!
Байқаудың негізгі мақсаты: Тарихшы, айтыс және жазба ақын Андас Омарақынұлының шығармашылығын жастар арасында насихаттау. Жастарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық байланыста бірлесіп жұмыс атқару, осы арқылы өскелең ұрпақты шығармашылыққа, ғылыми ізденуге тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттау. Елжандылық пен Отансүйгіштік тұрғысында патриоттық тәрбие беру.