03
июнь
2023
Облыстық "Көңілді сөре" эстафетасында жеңіс тұғырынан көріндік!
2023 жылдың 3 маусым күні Талдықорған қаласының "Динамо" спорт кешенінде "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" арналған мектеп оқушылары арасында "Көңілді сөре" эстафеталары өтті. Аталмыш жарыста 7 сынып оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді: Ақболат Мариям мен Абаева Сафиназ І орынға ие болса, Сапыш Илана мен Баянатқызы Мәрмәр ІІ орынға, ал Алпысбай Мади мен Қанатханқызы Фатима ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Самат Амантайұлы. Құттықтаймыз!
Ұйымдастырушы: Жетісу облысының Полиция Департаменті, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жетісу облысының бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы.



Ұйымдастырушы: Жетісу облысының Полиция Департаменті, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жетісу облысының бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы.



