02
июнь
2023
"Жасөспірім" атты түнгі рейд
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2023 жылдың 1 маусым күні Жетісу облыстық, қалалық білім бөлімі қызметкерлері, мектеп әкімшілігі мен облыстық, қалалық Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе түнгі уақытта «Жасөспірім» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Рейдтер Плэй Стейшн және компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, саябақтарға, көпқабатты үйлердің ауласына және жертөрелерге ұйымдастырылды. Рейд барысында мектебіміздің оқушылары және кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ. Рейд үш күн бойы жалғасын табады.
