29
апрель
2023
Балаларды бірінші сыныптарға қабылдау рәсімі жүргізіліп жатыр
2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныптарға қабылдау рәсімі жүргізіліп жатыр. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада httрs://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.
Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық денгейіне қарамастан , білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.
Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі.
Қажетті құжат тізімі:
➢ Ата- ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
➢ Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
➢ Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
➢ Егу паспорты (065/у нысаны)
➢ Баланың суреті (3*4 өлшемді)-2 шт
Қабылдау мекен-жайы: Талдықорған, Біржан Сал көшесі, 108 ғимарат, №18 омл, 309 кабинет
