👨👩👦 Отбасы – бірлік пен қуаттың бастауы! 💫
Мектебімізде ата-аналар мен балалардың қатысуымен «Әкем, анам және мен» атты дәстүрлі эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында отбасылар түрлі қызықты кезеңдерден өтіп, шапшаңдық, бірлік, ұйымшылдық пен өзара қолдауды көрсетті. 🏃♂️🏃♀️ Бұл шара – тек спорттық сайыс емес, отбасыдағы жылы атмосфераны нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы байланысты одан әрі жақсартатын тамаша мүмкіндік болды.