«JLC Сут» зауытына өндірістік саяхат ұйымдастырылды.
"Кәсіптік бағдар" беру мақсатында 23 қазан күні оқушыларға ашық сабақ форматында «JLC Сут» зауытына өндірістік саяхат ұйымдастырылды. Зауыт қызметкерлері балаларға сүт өнімдерін өндіруде қолданылатын жабдықтар мен технологияларды көрсетті, сонымен қатар олардың құрамы мен пайдасы туралы қажетті ақпарат берді. Өндірістік тур аясында балалар зауыттың зертханасымен және сүт өнімдерін шығаратын негізгі цехпен танысты. Зауытта балалар айран, биойогурт, сүзбе, құрттан дәм татуға мүмкіндік алды.