«Қыран елім – Қазақстаным!» 🇰🇿
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын, ұлттық нақыштағы әшекейлер мен туындыларын ұсынды. Шараның мақсаты – жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық дәстүр мен қолөнерге қызығушылығын арттыру. Балалардың еңбектерінен туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш айқын көрінді.