“Мектебім – мейірім мекені”
Бүгін, 02.09.2025 күні мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн – әрбір оқушы, ата-ана және ұстаз үшін ерекше толқулы сәт. Салтанатты жиыннан кейін оқушыларымыз үшін “Отаным менің – Қазақстан!” тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар ел тарихы мен болашағы туралы ой бөлісіп, отансүйгіштік сезімдерін арттырды.