Жаз мезгілі керемет!
Жаз мезгілі керемет! Бүгін жазғы алаңның балалары қаламыздағы бассейнге барып, шомылып, көтеріңкі көңіл-күймен керемет уақыт өткізді! Су серуені балалар үшін әрі сергітерлік, әрі қызықты өтті. Ашық аспан астындағы шат-шадыман сәттер олардың жазғы демалысын жарқын естеліктермен толықтырды.