Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оқушылар сарайында өткен қалалық тоғызқұмалақ жарысында 6ә сынып оқушысы Биқасым Алима ІІІ орынға ие болды! Сондай-ақ шахмат бойынша Елтай Ақбаян (4ә), Қамалбеков Дастан (4б) және тоғызқұмалақ бойынша қатысқан Тұрсынхан Мадияр (6ә) Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшілері: А.Б.Шеңгелбаев, Ә.Базылжанов. Құттықтаймыз!!! Алар асуларымыз көп болғай!
"БУККРОССИНГ"
28
ноябрь
2021
"БУККРОССИНГ"
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымды идеяларын іске асыру мақсатында мектебімізде "БУККРОССИНГ" жобасы жалғасын табуда. Мақсаты: Оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау болып табылады. Сондай-ақ "Кітапханаға кітап сыйла" марафоны және білім алушылар арасында 20 минут әдеби кітап оқу науқаны жалғасуда.
"Педагогикалық дебют-2021" байқауында ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
"Педагогикалық дебют-2021" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақерке Серікқызы қалалық "Педагогикалық дебют-2021" байқауында 3-ші орынға ие болды.
"Жас полиция" кадеттерімен дәріс
28
ноябрь
2021
"Жас полиция" кадеттерімен дәріс
Қалалық Полиция департаментінің полиция капитаны М.Абишев, полиция аға лейтенанты И.Фурманұлы және мектебіміздің инспекторы Г.Сәкенова "Жас полиция" кадеттерімен құқықтық тәрбие тақырыбында дәріс өткізді.